№37 «Арман» балабақшасы

Елордалық педагогтер өңірлік әріптестерімен тәжірибе алмасты

2025 жылы 9 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің оқу-әдістемелік материалдарын өңірлік педагогтерге тәжірибе тарату мақсатында республикалық вебинар өткізді.
Семинарға Орал, Қызылорда, Түркістан өңірлерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Республикалық семинарда №37 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі С.С.Султанбекова «Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы 5-6 жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты оқу-әдістемелік құралын, музыка жетекшісі Темірбек Дәулетбек «Медиа құралдар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» әдістемелік нұсқаулық бойынша іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх