
Балабақшада инклюзивті білім беру
Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері Адам құндылығы оның мүкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы Барлық адам бір–біріне қажет Білім шынайы қарым–қатынас шеңберінде жүзеге асады Әрбір баланың жетістікке жетуі – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыруы. Барлық адамдар құрбы – құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді
Педагог-психолог Буралкиева Салтанат Абетаевна инклюзивті балалардың ата-аналарына арналған «Ізгіліктің ізі – алғыс айту» атты тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – ата-аналар арасында ризашылық сезімін оятып, олардың эмоционалдық жағдайын жақсарту, жағымды қарым-қатынас орнату және алғыс айтудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Тренинг жылы шырайлы амандасудан басталды. Педагог-психолог ата-аналарды жылы қабылдап, тренингтің мақсаты мен маңыздылығын түсіндірді. Ата-аналар өздерін еркін сезініп, жайлы атмосфера қалыптасты.
Қатысушылар шеңберге тұрып, бір-біріне шынайы алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Бұл жаттығу ата-аналардың көңіл күйін көтеріп, ортада сенімділік пен жақындық орнатуға көмектесті.
Ата-аналар арнайы қағазға өз балаларына немесе өміріндегі маңызды адамға арнап алғыс хат жазды. Бұл тапсырма олардың жүректеріндегі мейірімділік пен сүйіспеншілік сезімдерін оятып, отбасы мүшелеріне деген ризашылығын арттырды.
Педагог-психолог алғыс айтудың адамның психологиялық денсаулығына оң әсер ететіні туралы ақпарат берді. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ризашылық білдірудің қаншалықты маңызды екенін талқылады.
Тренинг соңында әр ата-ана алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің эмоционалдық жай-күйінің жақсарғанын атап өтті. Барлығы тренингтен үлкен шабыт алып, болашақта ризашылық білдіруді әдетке айналдыруға уәде берді.
Тренинг өте жылы және әсерлі өтті. Ата-аналар ризашылықтың күшін сезініп, мейірімділік пен сүйіспеншілік атмосферасын қалыптастырды. Олар алғыс айтудың тек сөз емес, жүректен шығатын шынайы сезім екенін түсініп, өзара қарым-қатынастарын нығайтуға ынталанды.





