Инновациялық қызмет
Балабақшада – жаңа технология
3D мэппинг арқылы балалардың әлеуметтік-эмоционалды дамуы
2024-2025 оқу жылында балабақшада балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамыту мақсатында 3D мэппинг технологиясын қолдану бойынша эксперимент алаңы өз жұмысын жалғастыруда.
🔹 Мақсаты:
Балалардың эмоционалды дағдыларын дамыту, олардың көңіл-күйін жақсартуға және психологиялық қолдау көрсетуге ықпал ету.
3D мэппинг дегеніміз не?
3D мэппинг (немесе проекциялау) – бұл физикалық беттерде қозғалыс немесе өзгерістер иллюзиясын жасауға мүмкіндік беретін заманауи технология. Ол проекторлар мен арнайы бағдарламалық жасақтама арқылы жүзеге асырылады.
Балабақшада 3D мэппинг қалай қолданылады?
📌 Білім беру жобалары
- 3D мэппингтің көмегімен қабырғалар, төбелер және басқа кеңістік элементтері «тірі» объектілерге айналады.
- Балалар қозғалатын жануарлармен әрекеттесіп, интерактивті білім беру ойындарына қатыса алады.
🎨 Шығармашылық және интерактивті сабақтар
- Балалар қарапайым бетке сурет салып немесе мүсіндеу арқылы, мэппинг технологиясының көмегімен оларды 3D кескіндерге айналдырады.
- Бұл әдіс қиялды дамытуға және ұсақ моториканы жақсартуға көмектеседі.
🌍 Ертегілік әлемдер мен тақырыптық ойындар
- Балалар ғаламшарларды зерттеп, мұхиттың түбіне саяхат жасап, ертегілер әлеміне еніп, жаңа білімді қызықты ойын түрінде меңгереді.
🔹 3D мэппинг – баланың дамуы мен білім алуын жаңа деңгейге көтеретін ерекше технология!
Әлем таныған Абай
№ 37 «Арман» балабақшасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Әлем таныған Абай» атты іс- шараға эксперименттік топ балалары мен ата-аналарының қатысуымен ұйымдастырылды. Сахналық қойылым көрсетілді.
Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ф.Жұмабекова, Әдістемелік орталық әдіскері Құндыз Көшен қатысты. Іс-шара инновациялық технологияның бірі — 3D мэппинг техоногиясын пайдалану арқылы балалардың Отан, туған жерге деген құрметпен қарау туралы түсініктерін кеңейту; көркем-эстетикалық тәрбие беруде балалардың бойындағы шығармашылық қабілетін ашу мақсаттары көзделді. Балабақаша педагогтері цифрлық ресурстарды кеңінен пайдалана білетіні байқалды. Абайды бүлдіршіндер санасына сіңіруде ерекше эстетикалық тәрбие, көркемдік талғамның биік деңгейі, 3D мэппинг техоногиясы арқылы іс-әрекетті жан-жақты ашып көрсетті. Балаларға рухани азық, керемет әсер қалдырды, патриоттық сезімдерін оятуға ықпал етті. Ата-аналардың белсенділігін ерекше атап айтуға болады.