№37 "Арман" балабақшасының
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
Құрметті ата-аналар! Өз сұрағыңызды немесе өтінішіңізді Виртуалды қабылдау бөлмесінде қалдыруыңызға болады!
Балабақша туралы мәліметтер
Ашылған жылы
0
Жобалық қуаттылығы
0
Жалпы көлемі
0
Қызметкерлер саны
0
Педагогтар саны
0
Тәрбиеленушілер саны
0
МЕҢГЕРУШІ БЛОГЫ

АЙГУЛЬ ЕРСАИНОВНА СОФИЕВА
Құрметті ата-аналар!
Біздің мекемемен танысқысы келетіндердің барлығын біздің сайтта қарсы алуға қуаныштымыз!
Топтар

«БАЛДЫРҒАН» ТОБЫ
2 жас

«ҚҰЛЫНШАҚ» ТОБЫ
3 жас

«БАЛБӨПЕ» ТОБЫ
3 жас

«БАЛАПАН» ТОБЫ
3 жас

«БАЛДӘУРЕН» ТОБЫ
4 жас

«САМҰРЫК» ТОБЫ
5 жас

«АЙНАЛАЙЫН» ТОБЫ
5 жас

«АЙГӨЛЕК» ТОБЫ
5 жаc

«КОШАҚАН» ТОБЫ
4 жас

«КӨГЕРШІН» ТОБЫ
5 жас

«БОТАҚАН» ТОБЫ
4 жаc

ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ
5 жастан 6 жасқа дейін
Үйірмелер
Интеллектум
Интеллектум ойындары арқылы мектепке дейінгі жас өспірімдердің зияткерлік қабілетін, көрнекі ойлауын,көздің координациясын, психомоторикасын, есте сақтау қабілетін дамытуға болады. Интеллектум ойындары - баланың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулиды, арнайы ойындар көмегімен жүргізіледі.Балалар бұл ойындарды қызығушылықпен, ынтамен ойнайды
Этикетка аккордеона
Вокал
Вокал үйірмесі балаларды тек ән айтуға ғана емес, сондай-ақ кәсіби сахналық мәдениетке үйретеді. Үйірменің мақсаты: жастар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту;ән өнерінің қадір-қасиетін ұқтыру;ән айту ережелерін үйрету;музыканы тыңдау, есту қабілеттерін қалыптастыру; әнді таза, мәнерлі, әсерлі орындауға үйрету;музыканың мазмұны мен сөзін түсіне білуге үйрету болып табылады
Құм терапиясы
Құм терапиясын жүргізудегі мақсат- баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы құм терапиясының маңыздылығын көрсету. Құммен сурет салу өнері- бейнелеу өнерінің ерекше әрі жаңаша бағыты.
Құммен сурет салуды үйренген баланың нәтижесінде: зейіні артады, жүйке жүйесі тынышталады, ұсақ моторикасы жетіледі, есте сақтау, сөйлеу, ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды, креативті ойлауға дағдыланады, кеңістікті қабылдауы дамиды, жылдамдықты сезінеді, уақытпен жұмыс жасауға үйренеді, жағымсыз энергия жойылады
Тұзды бөлме
Тұз бөлмеде болу және құрғақ тұзды аэрозольды дем алу (галотерапия) балаға күшті емдік әсер етеді. Галотерапия нәтижесінде балаларда:
- тыныс алу жеңілдейді, сырылдар жойылады;
- өкпенің жұмысын жақсартады;
- бронхтар тазартылады;
- иммундық жүйені нығайтады;
- антибиотиктерге деген қажеттілік төмендейді;
- ұйқы жақсарады, есте сақтау қабілеті нығайып, оқу материалын сіңіру жақсарады
Би
Би өнерімен айналысу балалардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын ырғағын, мазмұнын ажырата білуге көмектеседі.
Балабақшадағы хореография- физикалық қабылетті дамытуға, дене қозғалысың нығайтуға, негізгі би қадамдарын үйрену, аяқ пен қолдын хореографиялық жаттығу жасау, созылу, гимнастикалық жаттығулар
Бестемше
Бестемше ойыны – математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау – оның негізгі өзегі. Сондықтан ойыншы ойынды үйрену барысында оның бойында стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті қалыптасады. Бұл кез-келген салада болашақта керек, себебі алдын-ала жоспарлау, алдын-ала ойлау, ойлаған мақсатқа жетудің басты әрі алғашқы қадамы. Сонымен қатар, бұл ойын ойыншыны дербестікке, өзі шешім қабылдауға машықтандырады